Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қысқарту туралы онлайн ескертілетін болады

Қысқарту туралы онлайн ескертілетін болады


Жұмыс берушілерге ыңғайлы болу үшін enbek.kz Электрондық еңбек биржасында мемлекетттік органдарды қызметкерлердің қысқартылатыны жайлы хабардар ететін функционал іске қосылды, деп хабарлайды Еңбек ресурстарын дамыту орталығының баспасөз қызметі.
ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 28-бабына сәйкес барлық ұйымдардың кадрлық бөлімдері қызметкерлерді жұмыстан босататыны туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталықтарына алдын ала беруге міндетті. Осы уақытқа дейін кадр бөлімінің қызметкерлері арнайы қағаз құжаттарды толтырып, оны өздері барып тапсыруға мәжбүр болатын.
Енді бұл рәсім барынша жеңілдетіліп, жеделдетілді. Жұмыс беруші Электрондық еңбек биржасы порталындағы жеке кабинетінде қызметкерлердің санын, олардың жалақы мөлшерін, лауазымын, мамандықтарын, біліктілігін, жұмыстан шығу себептерін (қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруы, жұмыс беруші қызметінің тоқтатылуы, кәсіпорынды тарату, өндіріс пен орындалатын жұмыстар мен қызметтер көлемінің төмендеуі), сондай-ақ босатылатын мерзімді көрсете отырып алдағы уақытта қызметкерлерді қысқартатыны туралы мәліметтерді толтыра алады.
Қызметкерлерді қысқарту туралы деректерді беруді автоматтандыру жұмыссыз қалған азаматтарға уақтылы жаңа жұмыс орындарын табуға септігін тигізеді.
12 маусым 2020 ж. 469 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам