Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Коронавирусқа шалдыққан түлек ҰБТ-ны қалай тапсырады?

Коронавирусқа шалдыққан түлек ҰБТ-ны қалай тапсырады?

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар алаңында өткен онлайн брифинг кезінде егер тест тапсырушы коронавирус инфекциясын жұқтырып, ем-дом қабылдап жүрген болса, мұндай жағдайда түлек тестті қалай тапсыратынына қатысты жауап берді. 

ҰБТ тапсыратын әр пунктте кезекші аудитория қарастырылған. Қажетті жағдайда сол аудитория іске қосылады. Егер бойынан коронавирус инфекциясы анықталған түлек болса, онда ол тестті жалпы лектен жеке тапсырады. Алайда, мұның бәрі құзыретті органдардың шешімі арқылы жүзеге асырылады. Ал, біздің орталық өкілдері тиісті қорғаныш киімдерін пайдаланады. Дегенмен, біз ешбір түлек тест тапсырудан тыс қалмауын мұқият қадағалайтын боламыз, - деді ол.
Дидар Смағұлов түлектерден коронавирусқа қарсы ПТР тесттен өткендігін білдіретін анықтаманың сұралмайтынын айтты.
 Біз түлектерден ешқандай да ПТР тесттен өткендігін білдіретін анықтама талап етпейміз. Біз түлектерден тест тапсыру орталығына тек маскамен келуін сұраймыз. Аудиторияға кірерде оларға жаңа маска үлестіреміз. Сонымен қатар, түлектерден қолға медициналық қолғап киюді де талап етпейміз. Себебі, әр қабатта санитайзерлер орнатылады, оқушылар әрбір қабат сайын қолдарын сүрте алады. Түлектер ештеңеге қол тигізбес үшін әр аудиторияның есігі ашық тұрады. Бұл шаралардың барлығы құзыретті органдармен келісіліп жасалған, - деді Смағұлов.
Тестілеу орталығының директоры бүгінгі онлайн брифинг барысында биыл түлектерге бірқатар жеңілдік қарастырылғанын жеткізді. Сонымен қатар, Дидар Смағұлов биылғы ҰБТ ең әділ, ең ашық түрде өтетінін мәлімдеген болатын.
15 маусым 2020 ж. 657 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 532 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам