Министрлік: Түнде аспаннан зиянды зат шашылады деген ақпарат – жалған
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған хабарламада «Бүгін сағат түнгі 2-де ауаға бірдеңе шашады, бұл жолы кішкентай балаларға әсер ететін нәрсе екен. 3 күн бойы балаларыңызды далаға шығармаңыздар» делінген. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі мәлімет таратты.
«Құрметті халайық, сіздерден әлеуметтік желілерде тарап жатқан жалған ақпаратқа сенбей, тек ресми дереккөзге жүгінулеріңізді сұраймыз. Барлық расталған ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан және әлеуметтік желілердегі парақшаларынан алуға болады» делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, министрлік көрінеу жалған ақпарат таратқан адамдардың ҚР ҚК 274-бабы – «Көрінеу жалған ақапарат тарату» бойынша қылмыстық жауапқа тартылатынын еске салды. ⠀