Қоғамның ең басты құндылығы – адам
Қоғамның ең баст
ы құндылығы адам дейтін болсақ, барша қоғамның алдындағы өзекті мәселенің бірі – азаматтардың жаны мен тәнінің саулығы болып табылады. «Білім мен денсаулық – ең үлкен байлық, ұлттың негізгі құндылықтарының арасында бұл екі ұғымның мәні де, мағынасы да ерекше.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Денсаулық сақтау жүйесінің, өзін-өзі қамтудың, ынтымақтасу мен жауапкершіліктің маңызы арта түсті. Соған сәйкес мемлекет қызметінде және қоғамдық өмірдің барлық саласында түбегейлі өзгерістер болмақ" деген болатын.
Медицина саласында күндіз-түні еңбектеніп, қызметте жүрген дәрігерлер адамгершілік қасиеттер мен кәсіби шеберліктеріне сүйеніп, жүздеген жанға көмек қолын созуда.
Осы ретте, №6 қалалық емхана 65 478 тұрғынға бастапқы медициналық-санитариялық қызмет көрсететінін айта кеткен жөн.
Осы ретте, №6 қалалық емхана 65 478 тұрғынға бастапқы медициналық-санитариялық қызмет көрсететінін айта кеткен жөн.
Медицина адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі болса, жүйелі жұмыс жасап келе жатқан біздің емхана ұжымы бұл индикаторларға әрдайым сараптама жүргізіп отырады.
Бүгінгі таңда пандемия жағдайында Сыр өңірі халқының денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға өз үлестерін қосып, елдің алғысына бөленіп жүрген мамандарымыз мен әріптестеріме күш-қуат тілеймін.
Біздің дәрігерлер мен барша медицина қызметкерлері асқан жанкештілікпен еңбек етуде деп сенім білдіремін. Шипалы алақандарыңыз, мейірімді жүректеріңіз халыққа қуаныш сыйлай берсін. Қиын-қыстау сәтте бір-бірімізге демеу болып, ауруды бірге жеңеміз.
Жанат Қожарипова,
№6 қалалық емхананың бас дәрігері
№6 қалалық емхананың бас дәрігері