Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасына арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты (ФОТО)

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасына арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты (ФОТО)

Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн режимде Ұлттық қорғаныс университетіндегі Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты. Президент өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі Қазақстанның негізін қалағанын, егемен еліміздің стратегиялық даму жолын айқындап, халқымызды ортақ мақсатқа жұмылдырғанын атап өтті.
– Тұрақтылық пен татулық, береке мен бірлік – Елбасының сарабдал саясатының нәтижесі. Кез келген мемлекеттің тарихында өшпес із қалдырған бірегей тұлғалар бар. Олардың сіңірген еңбегін бағалай білу және жан-жақты дәріптеу – өскелең ұрпақтың парызы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанның Қарулы Күштері Тұңғыш Президенттің Жарлығымен құрылғандықтан, бұл монументтің Ұлттық қорғаныс университетінде орнатылуының символдық мәні зор.
Елбасы еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға ерекше көңіл бөлді. Мемлекет ең қиын кезеңдердің өзінде де заманауи қару-жарақ алу, отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің қуатын арттыру, әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету, жалақыларын уақытылы беру, жоғары зейнетақы төлеу міндеттерін оңтайлы шеше білді.
03 шілде 2020 ж. 392 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 593 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам