Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Танымал актер Дархан Дайырбек өмірден озды

Танымал актер Дархан Дайырбек өмірден озды

Қазақстандың белгілі актер, көпшілікке комедиялық фильмдердегі жарқын рөлі мен театрдағы өнері арқылы танымал Дархан Дайырбек дүниеден озды. Бұл туралы продюссер, актер Нұртас Адамбай Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.
"Бүгін түнде біздің тамаша актер Дархан Дайырбек көз жұмды.
Біздің студия барлық туған-туысқандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Дархан аға әрқашан өте көңілді және мейірімді болған. Осылайша, біз оны есте сақтаймыз.
Даке, барлық рөлдеріңіз үшін, жұмысқа, адамдарға деген көзқарасыңыз үшін рахмет.
Иманды болыңыз", - деп жазды актер. 
Қаралы хабарды естіген желі қолданушылары да марқұмның туыстарына көңіл айтып, актердің талантын еске алды.
"Ойбай! Сондай керемет және талантты актер еді... Өте өкінішті. Арты қайырлы болсын", "Бұл қалай болғаны... Қандай актер еді... Өте өкінішті... Сөзім жоқ. Иманды болсын", - деп жазды олар.
Айта кетейік, Дархан Дайырбек 52 жаста еді. Ол "Теріскақпай" театрының актері болып жұмыс істеді, "Холостяк", "Ограбление по-казахски", "Келинка Сабина-2", "Әкім" фильмдеріне түсіп, "Досье тамады" фильмінде басты рөлді сомдады.
08 шілде 2020 ж. 1 051 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 213 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам