Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Күн жаманы кетер

Күн жаманы кетер


Бүгін жалпыұлттық аза тұту күні. Қандай жаман сөз десеңші. Естіген құлаққа түрпідей тиеді. Туымыз төмен түсіріледі. Дүниежүзін дендеген дерттен қаза болған қазақстандықтарды еске аламыз.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өткен жолғы халыққа арнаған үндеуінде жариялады. «Көптеген елде жағдай бізден де қиын. Дегенмен «Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, әр азаматтың қазасы жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан атпалдай арыстарымызды жұлып әкетіп жатыр. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтарымыздың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Бірақ, біздің күресіміз жалғаса береді, – деген болатын.   
Әлқисса, қалай десекте коронавирустан қаза тапқан отандастарымыздың орны толмайды. Өте өкінішті. Ендігі жерді сабырды серік етіп, болаттай берік болуымыз керек. Қазақ өз жылнамасында небір нәубет кезеңдерді басынан өткерген. Соншама қиыншылықтарды табандылығы мен темірдей төзімінің арқасында ауыздықтай алды.
Еліміздегі бүгінгі қиын жағдайда да күллі қазақ жұртшылығы бір атаның баласындай, бір қолдың саласындай бірлікпен еңбек етуде. Бұл да біздің ынтымағымызды айқындайды. Бір-біріне жанұшыра көмектескен жұртшылықты көріп, жүрегің елжірейді.  
Бүгінгі аза тұту күні тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тоғызыншы жағдай. Арасын үтір ғана бөліп тұратын үш жүздің баласына бұл оңай тимесі анық. Халық даналығында «күн жаманы кетер» деген тәмсіл сөз бар. Бұйырса бұл індеттенде толыққанды айығып, бұрынғы мамыражай күнімізге оралармыз. Жауырындай тұтасқан ел бірлігі бекем болғай.  
Нұржан БАЙЖІГІТОВ,
жеке кәсіпкер.
13 шілде 2020 ж. 425 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам