Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

ҚАЗА мен АЗА

Екі өкпеден қысқан коронавирус індеті талай жүректі тоқтатып, қайғы жамап, қасіретке бөлеп, жанарларды жасқа толтырып жатыр. Осы коронавирус деген сөзді алғашқыда жұрт қазақша "тәжтажал" деп аударып еді. Расында да, тажал екен. Айналасын ажал өртімен шарпып, жан-жағын жалмап барады. Күнделікті ондаған адамның жаназасын шығарып жатқанын еститін болдық. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жағдайымызды соғысқа теңеп еді. «Майдан даласынан» «қара қағаз» алған отбасылардың саны көбейіп барады. Індеттің құрбаны болған әрбір азаматтың қаралы хабары бәріміздің қабырғасызға батып отыр. Бүгін сол қаза болған азаматтарды ұлт болып аза тұтатын, аруақтарына тағзым ететін, тіріге тіршілік тілейтін күн.
Мемлекет басшысының Өкімімен жарияланған жалпыұлттық аза тұту күніне орай бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 12:00-де індет құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу рәсімі өтеді. Бұл әлемге төнген қауіптен, жаһанды жүрісінен жаңылдырған індеттен қаза болған қазақстандықтарға халық болып көрсеткен құрметіміздің бір көрінісі.
Дәл қазір елдігіміз, бірлігіміз сыналып жатыр. Сын сәтінде сыр бермеу, нәубетті жеңіп шығу, індеттің бетін қайтару билікке де, халыққа да үлкен жауапкершілік жүктейді. Біз мұны ел болып еңсеруіміз керек. Әйтпесе, тәжтажалдың ешкімді аямайтынын көріп отырмыз.
Жаратқан Иеміз қаза болғандардың жайын жұмақ етіп, ауырып жатқан кісілерге шипасын берсін! Мамыражай күнге елімізді аман, жұртымызды тыныш жеткізсін! Ендігі жерде мұндай індет болмасын!


Нұржан АХАТОВ,
қалалық мәслихат депутаты



13 шілде 2020 ж. 713 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам