Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Уханьнан студенттерді елге жеткізуге атсалысқан ұшқыш коронавирустан қайтыс болды

Уханьнан студенттерді елге жеткізуге атсалысқан ұшқыш коронавирустан қайтыс болды

Қазақстанға еңбегі сіңген ұшқыш, пандемия басталғанда Ухань қаласындағы студенттерді елге жеткізуге атсалысқан Болат Серікбаев коронавирустан көз жұмды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Ведомство ұжымы Серікбаев Болат Мұсаұлының дүниеден өтуіне байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтты.
«Болат Мұсаұлы өз ісінің нағыз маманы, 38 жылдан астам тәжірибесі бар Boeing-757 және Boeing-767 үлгісіндегі әуе кемелерінің командирі болды. Ол гуманитарлық жүктерді жеткізу және отандастарымызды елге қайтару бойынша әуе рейстерін орындауға белсенді қатысты. Осы қиын уақытта оның барлық ісі ел азаматтарына көмек көрсетуге бағытталған еді», – делінген хабарламада.

16 шілде 2020 ж. 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 213 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам