Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сенатор педофилдерді ату керек деп мәлімдеді

Сенатор педофилдерді ату керек деп мәлімдеді



Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп  Қазақстанда педофилдарды ату керек деп есептейді. Бұл туралы сенатор facebook.com әлеуметтік желісінде жазды, – деп хабарлады malim.kz
«Айуанды атуға болады! Азғындық жолға түсіп, адамдық қасиетінен айрылған адамды біздің қазақ «айуан» дейтін…Жалғыз Сәтбаев қаласында ғана емес, республика көлемінде педофил көбейді. Бұл – айуандар көбейгенін аңғартады.Құтырған иттің өзін атып тастаймыз!Адамнан айуанға айналғандарды неге атуға болмайды?!. Айуанға адам құқығы деген мүсіркеумен қарауға болмайды!», – деп жазды сенатор Нұртөре Жүсіп.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 23 шілде күні Қарағанды облысына қарасты Сатбаев қаласында 5 жасар қыз жоғалып кеткен еді. Полиция және қала тұрғындары бірлесе іздейді. Бүлдіршін көп қабатты тұрғын үйлердің бірінен табылған. Қасында ер адам болған.
Жиналған жұрт күдіктіні жазаламақшы болған. Оның арты тәртіпсіздікке ұласып, халық күдіктіні жазаға тартуды талап еткен. Бүлдіршін табылған үйдің подъезін қоршап алған. Ашулы топ өз талаптарымен полиция кеңсесіне де барған. Олар жандырғыш қоспаларды лақтырып, бірнеше автомашина жанып кеткен. Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір Сатбаев қаласында жағдай тұрақтанған. Күдіктіге қатысты тергеу амалдары басталып кеткен. Ал бес жасар бүлдіршін ауруханаға жатқызылған.
24 шілде 2020 ж. 281 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам