Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстанда алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар қымбаттады

Қазақстанда алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар қымбаттады

Алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар бір жыл ішінде шамамен 10 пайызға қымбаттады. Ең қымбат баға Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақтау және Атырау қалаларында тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Маусым айында зергерлік және оған ұқсас бұйымдар өндірісі 62,6 млн теңгені құрады. Ал мамыр айында көрсеткіш бұдан да төмен болып, 55,5 млн теңгені құрады.
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметі бойынша, өткен жылдың маусымында өндірістің нақты өсімі 3,3% болды. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда зергерлерлік бұйымдар өндірісінің көлемі 434,7 млн теңгені құраған еді (нақты өсім бір жылда 32,1%).
Өткен жылы жалпы өндіріс көлемі 742 млн теңгеден асса, 2015 жылы 314,1 млн теңге болатын. 2020 жылдың маусым айында еліміздің ірі қалалары мен мегаполистеріндегі алтыннан жасалған зергерлік бұйымдардың орташа бағасы бір грамм үшін 18,3 мың теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғы бағаға қарағанда 9,5%-ға көп. Сары металдан жасалған ең қымбат зергерлік бұйымдар Нұр-Сұлтан, Ақтау мен Атырау қалаларында болып отыр.
30 шілде 2020 ж. 318 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам