Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстандықтар 10-шы тамыз күні демала ма

Қазақстандықтар 10-шы тамыз күні демала ма

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып жарияланды және мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Осы жаңалыққа орай, мереке күні демалыс бола ма деген сұрақ көпшілікті қызықтырды.
Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысымен Қазақстанда жаңа мереке - Абай күні пайда болды. Үкімет 10-шы тамызды мерекелер күнтізбесіне енгізді. Алайда, бұл күні қазақстандықтар демалмайды.
"Мерекелер туралы" заңға сәйкес ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер мереке күндері деп танылады және жұмыс істемейтін күндер болып табылады", - деді үкіметтің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, ұлттық мерекелерге 16-17 желтоқсанда атап өтілетін Тәуелсіздік күні жатады. Ал мемлекеттік мерекелерге Жаңа жыл, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні, Астана күні, Конституция күні, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні жатады.
Бұдан бөлек, Қазақстанда алғыс айту күні, ғарышкерлер күні, полиция күні және т.б. мерекелер бар. Абай күні де осы мерекелік күндер тізіміне енгізілді, сондықтан демалыс болмайды.
07 тамыз 2020 ж. 402 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам