Қызылорда облысынан Сенатқа депутат болып кімнің сайланғаны белгілі болды
Қызылорда облысында ҚР Парламенті Сенатына депутат сайлау аяқталды.
Сайлаушылардың басым дауысымен Ақмарал Әлназарова ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына өтіп тұр.
Ақмарал Шәріпбайықызы сайлаушылардың басым дауысына ие болған. Оған мәслихат депутаттары 102 дауыс берген.
Ал, Мұрат Сәрсенбаев 25, Айдын қайруллаев 4 дауыс жинаған.
Айта кетейік, нақты қорытындыны Орталық Сайлау комиссиясы 1 апта, 10 күннің ішінде жариялайды.