Қалта неге қаржы сұрайды?
Қала орталығындағы белгілі брендтер мен сауда нүктелері басын біріктірген «Арай сити молл» ойын-сауық орталығы көпшілікке кеңінен танымал. Осы орталықта маусым айынан бастап кленка қалта тегін тарату тоқтатылып отыр. Ондағы басты мақсат – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасы бойынша Қазақстанда пластик қолдануды азайту.
Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, әлгіндей қалтаға төлем енгізу олардың қолданылуын 30-50 пайызға азайту. Полиэтиленді пакеттердің сатылымын енгізу және бұл олардан толыққанды бас тартуға жасалып жатқан алғашқы қадам. Қазіргітаңда, «Магнум» сауда орталығы халыққа баламалы нұсқаны ұсынып, қағаз пакеттер мен саудаға арналған көп реттік сөмкелер ұсынуда.
– Пластик қалтаның сатылымынан түскен барлық табысты қайырымдылық қорына жібереміз. Қаражаттың жұмсалуы жайлы есепті «Ерікті қоғамы» қайырымдылық қорының detdom.kz сайтында көре аласыз. Мұны кейбір замандастарымыз толық түсінбей түрлі кереғар пікірлер қалыптастыруда. Біз сондықтанда барлығын ашық жариялы түрде жасап жатырмыз. Мұндай игілікті іс еліміздің өзге өңірлерінде көптен қолданыста енгізіліп отыр. Бізде енді ғана қалыптастырылып жатыр. Бір жағынан экологиялық жағдайды жақсартса, екіншіден балалар үйіне қолдау көрсетіледі, – дейді«Арай сити молл» сауда үйі директорының орынбасары Әсел Мұратқызы.
Иә, халқымызда «Жетім көрсең жебей жүр» деген сүбелі сөз бар. Біз жетімін жылатпаған бағаналы елміз. Үнемі іздегені ізгілік, жасағаны жақсылық жандар арамызда көптеп саналады. «Арай сити молл» сауда үйі қалтадан түскен қаржыны осылайша сол қалпында балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерге жібереді. Соларға жағдай жасап, қолдау көрсетіп, қуаныш сыйлау басты мүддесі. Сауда үйі басшылығына жас жеткіншектердің айтар алғысы да шексіз. Олар осындай ізгі ісімен өзгелерге үлгі көрсетіп, өскелең ұрпақ бойындағы отансүйгіштік қасиеттерді оятары хақ. Балаларға жасалған жақсылық қайырымдылықтың үлкені саналады. Әр баланың жүрегіне үміт шырағын жағып, сенім тұрағын ұялатуда бұл да бір жүйелі істің көрінісі.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ