Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Темекі алғанда құжат көрсету міндетті ме? Министр жауабы

Темекі алғанда құжат көрсету міндетті ме? Министр жауабы

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов алкоголь мен темекі сату кезінде құжаттарды талап ету туралы норманы түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кодекске ("Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы") алкоголь мен темекіні тұтынуды азайтуға әсер ету жөніндегі шараларға өзгерістер енгізілді. Әсіресе, кәмелетке толмағандар ұшін. Сондықтан осындай норма пайда болды. Жоғарғы деңгейдегі заңнамалық актілерге енгізілетін кез келген өзгерістер жалпы сипатта болады. Сондықтан жарлық шыққаннан кейін біз осы норманы қалай пайдалану керегін түсіндіру үшін бұйрыққа өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргіздік. Біз  сатушыларда сатып алушының жасында күмән туған жағдайда ғана құжат талап ету керегін түсіндірдік", - дейді Сұлтанов.
Сондай-ақ, министр алкоголь мен темекі өнімдерін сатушылар сатып алушының жасына күмәнданбаған болса немесе 21 жастан асқандардан құжаттар талап етпесе, жазаланбайтынын еске салды.
Еске салайық, мұның алдында енді қазақстандықтардың темекі мен алкоголь алғанда құжат көрсетуге міндеттелгені хабарланған еді. "Егер жеке басты куәландыратын құжат көрсетілмесе, темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сатудан бас тартуға міндетті", - делінген еді құжатта.
21 тамыз 2020 ж. 428 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 13 922 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам