Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 9,4 миллион қазақстандық мобильді азаматтар базасына тіркелді

9,4 миллион қазақстандық мобильді азаматтар базасына тіркелді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері карантиндік шектеулер енгізілгеннен кейін наурыз айынан бері 1,6 миллион азаматты мобильді азаматтар базасына (МАБ) тіркеді. Жалпы, мобильді құралдар арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға мүмкіндік беретін бұл базаны қазіргі таңда 9,4 миллион қазақстандық қолдануда.
«Азаматтарға арналған үкімет» басқармасының төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, Қазақстан бойынша мемлекеттік корпорацияның бірқатар маманы қайта даярлаудан өтіп, видеокеңесші ретінде азаматтарды қашықтықтан МАБ-на тіркеуге кіріскен.
«Қазір 1414 сall-орталығында бір жарым мың адам жұмыс істейді. Соның ішінде 400 видеокеңесші онлайн тәртіпте тұрғындарды мобильді азаматтар базасына тіркеумен айналысады. Осының нәтижесінде коронавирус індеті кезінде де бұл үрдіс тоқтамай, соңғы 5-6 ай ішінде мемлекеттік қызметтерді мобильді құралдар мен egov.kz порталы арқылы алушылардың қатары 1,6 миллионға артты», - деді Әсемгүл Балташева.
МАБ-қа тіркелген тұлғалар мемлекеттік қызметтерге eGovMobile қосымшасы, EgovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы қол жеткізіп, сондай-ақ проактивті қызметтер мен басқа да сервистердің игілігін көре алады. Оның үстіне МАБ қолданушыларына құжаттың дайын болғандығы немесе ЭЦҚ мерзімінің өтіп бара жатқандығы туралы sms-хабарлама келеді.
Айта кету керек, мобильді азаматтар базасына egov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы немесе egov.kz виртуалды кеңесшісінің көмегімен тіркелуге болады.
Мобильді азаматтар базасындағы тіркеуді тексеру үшін egov.kz электрондық порталындағы «Сервистер» бөлімін қарау керек.
21 тамыз 2020 ж. 345 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам