Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Мың бала» зияткерлік ойыны өтті

«Мың бала» зияткерлік ойыны өтті

Бүгін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» атты зияткерлік ойыны өткізілді. Ойынға қалалық білім ошақтарынан 15 оқушы қатысты.
Мемлекеттік тілді үйретудегі инновациялық идеяларды жинақтау және тарату мақсатында өткен ойынды «Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшысы Гүлзира Сәрсенбек жүргізіп, қатысушы топтарға «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы туралы ақпар берді.
Оқушылар карантин режимін сақтай отырып, үш бағыт бойынша жарысты. Kahoot.it - цифрлық smart сервисі арқылы қосылып, «Тіл – ұлы байлық», «Полиглот» және «Брэйнг ринг» кезеңдерінде өз білімдерін ортаға салды.
Нәтижесінде бірінші орынды №10 «Білім-инновация» мектеп лицейі, екінші орынды Қалтай Мұхамеджанов атындағы  №1 мектеп-гимназиясы, үшінші орынды Б.Шалғынбаев атындағы №217 IT мектеп-лицейі, төртінші орынды №198 Ж.Нұрманов атындағы орта мектебі, бесінші орынды Н. Ахмадеева атындағы №112   орта мектептің оқушылары иеленді. Зияткерлік ойынға қатысып, белсенділік танытқан 5 топтың қатысушыларына «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Қанат Ақылбеков Диплом, Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі
21 тамыз 2020 ж. 512 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам