Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді – білім министрлігі

Оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді – білім министрлігі

Ведомство қазақстандық оқушыларға электронды платформада бір оқу тапсырмасы берілетінін түсіндірді
 Қазақстанның білім және ғылым министрлігі қашықтан оқыту кезінде оқушыларды үй тапсырмасынан босатуды жөн көрді.
Тікелей эфирде өткен тамыз кеңесінде үй тапсырмасынан бас тарту жайлы айтылмаған еді. Бұл шешім туралы "Еуразия" бірінші арнасына берген сұқбатында министрліктің мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова мәлімдеді.
"Мұғалім оқу тапсырмаларын жариялайды. Яғни, биыл әдеттегі үй тапсырмасы болмайды. Kundelik.kz платформасында бір оқу тапсырмасы орналастырылады", - деп түсіндірді Мелдебекова.
Еске салсақ, 25-28 тамыз аралығында Қазақстанда 2-11 сыныптар үшін қашықтан бірыңғай сабақтар өтеді. Оқушылар өткен материалды қайталайды.
2-4 сыныптар үшін 2-3 сабақ, 5-8 сынып оқушылары үшін 3-4 сабақ, ал 9-11 сыныптар үшін 4-5 сабақ өткізу ұсынылды.19 тамызда Қазақстан мектептерінде бірыңғай педагогикалық кеңес, ал 20 тамызда ата-аналар жиналысы өтті.
Жаңа оқу жылы биыл алғаш рет қашықтан оқыту форматында басталады.



26 тамыз 2020 ж. 334 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам