Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстанда бассейндер мен театрлар ашылады

Қазақстанда бассейндер мен театрлар ашылады

ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында нысандардың қызметін жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігі шектеу шаралары елімізде COVID-19 инфекциясын 10 есеге, жедел жәрдемді шақыру санын 4,2 есеге, ауруханада жатқандардың санын 80 пайызға төмендетуге мүмкіндік бергенін, ал мобиль бригадалар саны 7,6 есеге артқанын хабарлады.
Қол жеткізілген оң әсерді ескере отырып, ведомствоаралық комиссия биыл 31 тамыздан бастап мына нысандардың қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдады:
  • діни объектілер (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді);
  • бассейндер (жеке форматта, 1 келушіге 5 ш. м. су беті есебінен, алдын ала жазылу арқылы);
  • жаттығу залдары (1 келушіге 5 ш. м. дейін, алдын ала жазылу арқылы);
  • спорт кешендері (1 келушіге 5 ш. м. дейін жеке және топтық жаттығулар үшін);
  • мәдениет нысандары (1 келушіге 5 шаршы метрге дейін, толымдылығы 50 пайыздан аспайды, оның ішінде кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 30 адамға дейін ұжымдық дайындықтар, үзілістерде бөлмелерді желдету, бетперде тағу қажет);
  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар және тағы басқа (жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдасқан топтар үшін әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, кемінде 2 метр қашықта, бетперде тағу қажет);
  • қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электр пойыздарының, қалааралық, облысішілік автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына рұқсат беріледі.
"Барлық нысан тиіс дайындық актілерін алғаннан кейін ғана жұмысқа кірісуге рұқсат беріледі. Өңірлердің әкімдіктері денсаулық сақтау министрлігі, "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, қоғам белсенділерін тарта отырып, енгізілетін нысандардың барлық санитариялық талапты қатаң сақтауын қамтамасыз етуі қажет", - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министрдің орынбасары бірқатар нақты тапсырма берді.
26 тамыз 2020 ж. 338 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам