Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мемлекеттік бағдарламалар аясында білім нысандары жөндеуден өтуде

Мемлекеттік бағдарламалар аясында білім нысандары жөндеуден өтуде

Қаладағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз туры ұйымдастырылып, қаладағы мемлекеттік бағдарламалар аясында жөндеуден өткізіліп жатқан білім нысандарының жай-күйі таныстырылды.
Биыл Қызылорда қаласында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарлама аясында қалалық білім бөліміне қарасты №43,112,173 мектептері мен «Жұлдыз» балабақшасы қайта жаңғырту жұмыстарынан өтіп жатса, №23 мектеп пен Белкөл кентіндегі «Балапан» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, "Ауыл-Ел бесігі" бағдарламасы арқылы Ақсуат ауылдық округіндегі №143 орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ал, «Бәйтерек» шағын ауданынан 600 орындық мектеп, «Саяхат», «Сырдария» мөлтек аудандарда жеке инвестор қаржысымен 800 орындық 2 жеке мектеп құрылысы салынуда.
Аралау барысында БАҚ өкілдері қаладағы, Ақсуат ауылдық округіндегі және Белкөл кентіндегі бірқатар білім беру нысандарында жүріп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Айта кету керек, аталған жоба аясында 523 жұмыс орны ашылған. Жөндеу жұмыстары аясында мектеп шатыры, фасады, терезелері, ішкі/сыртқы қабырғалары мен едендері және есіктері, кәріз жүйелері жаңалануда.
Жалпы, жаңа оқу жылында қаладағы 50 мектеп қашықтан оқыту форматында, ауылдық 4 мектеп барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра дәстүрлі оқыту жоспарлануда.
Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының өтініші негізінде қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптар ашылса, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жөндеу жүріп жатқан 2 білім нысаны кезекші сыныптарды 2-тоқсаннан бастап қабылдамақ

27 тамыз 2020 ж. 554 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 13 910 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам