Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Нұрымбетов зейнетақы жинағын кімдердің пайдалана алатынын айтты

Нұрымбетов зейнетақы жинағын кімдердің пайдалана алатынын айтты



Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын кімдердің пайдалана алатынын айтты.
«Ел Президенті халыққа Жолдауында әлеуметтік сала бойынша бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы осы жылдың соңына дейін азаматтардың өз зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, қымбат тұратын емге төлеуге немесе қаржы компанияларының басқаруына беруге пайдалану бойынша қажетті құқықтық актілерді қабылдауды және дайындық жұмысын жүргізуді тапсырды. Бүгінде мақұлданған тұжырымдамалық шешім бар. Аталған мақсатта 721 мың адамның өз зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндігі болады. Осы орайда шамамен 1,4 трлн теңге көлемінде», – деді министр Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, бұл  мүмкіндікті пайдаланатындар жеткіліктілікті шегінен асатын зейнетақы жинағы бар 530 мыңға жуық жұмыс істейтін азамат, 178 мыңнан астам зейнетақы жинағы бар зейнеткер және 13 мың аннуитет төлемдеріне шарт жасаған азаматтар. Айта кетейік, Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдан бастап зейнетақы жинағын баспана сатып алуға жұмсауға болатынын айтты.

02 қыркүйек 2020 ж. 274 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 525 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам