Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Санитар дәрігерлер корей кеспесінің қаупін айтты

Санитар дәрігерлер корей кеспесінің қаупін айтты

Алматы қаласының санитар дәрігерлері тез дайындалатын корей кеспесі мен түрік печеньесі қауіпті екенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық сараптама орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   
«Джин Рамен» корей кеспесінің үш үлгісінен және Butter Соокіеѕ Danish Pride түрік печеньесінің бір сынамасынан жоғары ГМО концентрациясы анықталған. Бұл өнімдер «Барыс-4» және «Ақбұлақ» көтерме базарларында қауіпсіздікті растайтын құжаттарсыз сатылыпты.
Өнімдер Ұлттық сараптама орталығының Алматыдағы зертханасында тексерістен өткен.
«Зертхана жұмысының қорытындысына сәйкес, кеспедегі гендік модификацияланған сояның мөлшері 1,4 пайыздан 10,25 пайызға дейін, печеньеде 47,75 пайыздан асқан. Ал өндірушілердің таңбаларында көрсетілген өнімдердегі гендік түрлендірілген ингредиенттердің құрамы туралы ақпарат жоқ.
Сондай-ақ, тамақ өнімдеріндегі ГМО мөлшерінің рұқсат етілген нормасы «тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес 0,9 пайыздан аспауы керек», – делінген хабарламада.
Қазіргі таңда тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті саудадағы талапқа сай емес өнімдерді анықтау және оны сатудан алып тастау бойынша шаралар өткізіп жатыр.
«ГМО қатерлі ісіктің пайда болу, балалар мен жасөспірімдерде өсудің тежелуін, сондай-ақ аллергиялық аурулардың пайда болу қаупін арттырады.
Қазақстандықтар тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылаудың  өңірлік департаменттеріне хабарласа алады», – делінген хабарламада.
23 қыркүйек 2020 ж. 275 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам