Елмұрат Рахматуллаев жаңа қызметке тағайындалды
Қызылорда облысы әкімі аппаратының бірыңғай конкурстық комиссиясының ұсынысы негізінде, Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен Рахматуллаев Елмұрат Нұрмаханбетұлы Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Елмұрат Нұрмаханбетұлы 1982 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2005 жылы «Болашақ» университетінің «Құқық және әлеуметтік қамтамасыз етуді ұйымдастыру», 2008 жылы «Заңтану», 2012 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Экономика және бизнес» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2006 жылы «Құмкөл Техникалық Тасымалдау басқармасы (КУТТ)» ЖШС заңгер қызметінен бастап, 2010-2011 жылдары «Құмкөл сервис» ЖШС заңгер, 2011 жылы Ақтау қалалық прокуратурасында жауапты қызметтер атқарған. 2015-2019 жж. Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті әкімінің орынбасары, қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы, Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі, қала әкімінің кеңесшісі, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары сатыларынан өткен. 2019 жылдың шілде айынан бастап осы кезге дейін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.