Балаларыңызға сақтықпен қараңыздар!
Отпен ойнама жанарсың деген сөзді дана халқымыз бекерден бекер айтпаған.Қазіргі танда балалардың отпен ойнауы,көптеген қайғылы жағдайларға алып келіп жатқаның білеміз.Бұл жерде баланың ұқыпсыздығы емес, ата-ананың балаға өрт қауіпсіздігі туралы түсіндіру әңгімелерінін болмауы немесе жеткіліксіз өткізілуі.Сіріңкелерді,газ плиталарын,электр құралдарын дұрыс пайдалануды көрсеткеннен гөрі тыйым салған оңайырақ.Баланың бойында 3-жастан бастап қоршаған әлемді танып білуге деген,әр нәрсенің қызметін,қалай жұмыс істейтінін білу қызығушылығы пайда болады.Кішкентай ғана жалынның үлкен трагедияға алып келетінінен бала бейхабар.
Сондықтан балаға кішкентай кезінен өртке қарсы тақырыптарда сөйлесіп ,өрт болған жағдайда өзін қалай ұстау керектігін,қандай әрекеттер жасау керектігін айтып, үйретіп отқаныңыз дұрыс.
Қорыта айтқанда біздің яғни, үлкендердің міндеті жас жеткіншектерге өрттің тілсіз жау екендігін, сонымен қатар өрт қандай жағдайда пайда болатының балаларға түсіндіру және балабақшалар мен мектептерде өрт қауіпсіздігі ережелері туралы бейнероликтер көрсетіліп, өрт оқиғасы туындағанда әрекет ету тәртібін үйрету керек.
Осы орайда төмендегідей жағдайларды ескеру қажет:
Балаларды үйде қараусыз жалғыз қалдырмау;
Балаларға сіріңке (оттық) және т.б тұтатқыш заттармен ойнауына жол бермеу;
Тұрмыстық электр қондырғыларын пайдалануларына жол бермеу;
Алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалануды үйрету;
Өрт болғанда 101 немесе 112 нөміріне қонырау шалуды үйрету.
Олжас Тұрсынбаев,
Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты