«Даналық бейсенбі» қонағы – Қазақстанның еңбек ері Юрий Пя
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Даналық бейсенбі» жобасы аясында қызылордалық NIS-те белгілі кардиохирург Юрий Пямен кездесу өтті.
Юрий Владимирович Пя –«University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының хирургия және ғылым директоры, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстанда алғаш жүрек ауыстыру отасын жасаған ел мақтанышы. «Teams» платформасында оқушылармен қашықтан өткен кездесуде Қазақстанның белгілі дәрігері табысқа жету тарихымен таныстырып, жастық шағыныңестеліктерімен бөлісті.
– Мамандық таңдауға келгенде қай бағытөзіңе жақын келетінін түсіну қиын. Жас кезімде физика ғалымы болудыармандадым. Алайда мүмкіндіктерім мені Мәскеудегі медициналық университетке апарды. Алғашқы жылдары кедергілерді жеңу үшін өздігімнен көп жұмыс жасап, өз-өзімді үнемі жетілдіріп отырдым. Негізі әрбір адам оңай жол іздемеу керек, қиындықтар әлеуетімізді ашып, тұлғалық қасиеттерімізді дамытуға көмектеседі, – деп санайды Юрий Владимирович.
Қазақстандакардиохирургия енді ғана дами бастаған сәттеол бұл саланы көбірек игеруге ерекше құштарлық танытқан. Елордаға өз тобымен бірге келген сәтте медицинаны халыққа қол жетімді ету үшін жаңа технологияларды елге ендіруге үлкен септігін тигізген.
– Неліктен біздің елде атақты сыйлықтардың иегерлері жоқ деген сауал үнемі мазалайтын. Бұрын мұның себебі қолайлы жағдайдың болмауында деп қабылдасақ, қазір елдегі ахуал күрт өзгерген. Жаңа форматта білім беретін жаңа оқу орындары ашылып жатыр. Бүгінде жастардың нанотехнология, жасанды органдар, гендік инженерия салаларында жаңа жаңалықтардың авторы болуларына білімі мен мүмкіндіктер мол,–деп сенеді денсаулық саласының үздігі.
Аталмыш кездесуге Қызылорда, Павлодар және Көкшетау қалаларының Зияткерлік мектептерінен 900-ден астам оқушысы қосылды. Әңгіме барысында тыңдаушылар құрметті мейманға толғандырып жүрген сауалдарын жолдап, жауаптарын алды. Балаларды ерекше қызықтырған тақырыптар «Сұранысқа ие мамандықтар», «Тайм-менеджмент» пен «Мотивациялық әдебиеттер» болды. Өз тәжірибесімен бөліскен Юрий Владимирович кездесу соңында жастарға оқуларына сәттілік тілеп, өмірлік жолында қолайлы жағдай іздемей, күн сайын жаңа нәрсені білуге ұмтылуғашақырды.
«Еңбектегі сәттілік саған деген сұраныс пен адамдарға тигізер пайдаңмен өлшенеді», –деп санайды кейіпкер.