Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Иә дедім": Атышулы әнші Say Mo-ға отандық танымал актер сөз салды

"Иә дедім": Атышулы әнші Say Mo-ға отандық танымал актер сөз салды

   Ресейлік музыкалық жобада жұлдызы жанып, қалың көпшілікке Say Mo лақап атымен танылған әнші жақында тұрмысқа шықпақ. Күні кеше Мөлдір Есембекке сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасап, оның "иә" деген жауабын алды.
Кеше барша отандық танымал блогерлар Instagram парақшаларында күтпеген жаңалықпен бөлісіп, желіні шулатты. Олар жариялаған бейнежазбалардан әнші "Say Mo"-ға жігіті үйленуге ұсыныс жасап жатқанын көруге болады. Халық алдында ғашығына ән шырқаған азамат соңында сахнадан түсіп, тізерлеп отырып оған сақинаны тарту етті. Бойжеткен ойланбастан оған "тә" деп жауап беріп, ресми түрде қалыңдық атанды. Анықталғандай, Мөлдір Есембектің таңдауы халыққа вайнер ретінде танылып, кейін актерлік салаға бет бұрған Шәріп Серікке түскен. Жас жігіт қазақстандықтарға "Shakenti" лақап атымен танылды. Актердің ұсыныс жасау сәтіне оның көптеген жұлдызды достары куә болып, көмектескен. Белгілі блогерлар қос ғашыққа деген ақ тілегін айтып, енді олардың бірге жүргенін видеоға емін-еркін түсіруге болатынына аса қатты қуанды.
09 қазан 2020 ж. 815 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам