Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Германияда алғаш рет «Құнанбай» көркем фильмі көрсетіліп, «Абай» кітабының тұсаукесері өтті

Германияда алғаш рет «Құнанбай» көркем фильмі көрсетіліп, «Абай» кітабының тұсаукесері өтті

Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы және қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған іс-шаралар сериясының жалғасы ретінде Қазақстан Елшілігі Берлиндегі танымал «Zoo Palast» кинотеатрында «Құнанбай» тарихи кинодрамасының көрсетілімін ұйымдастырды.
Бірқатар сыйлықтарға ие болған фильмде Қазақстан мен қазақ халқын өз туындыларымен әлемге паш еткен хәкім Абайдың әкесі – Құнанбай Өскенбайұлының өмірі мен қызметі туралы баяндалады.
Фильмнің тұсаукесерінде Елші Дәурен Кәріпов «Қазақ кітапханасы» жобасы аясында Елшілік неміс баспаларымен бірлесе отырып басып шығарған ақынның неміс тіліндегі шығармалары мен өшпес мұрасы туралы айтып берді.  
Сондай-ақ, кинокөрсетілім аясында жиналған неміс саясаткерлері мен сарапшыларына, қоғам қайраткерлеріне, журналистерге және Берлин тұрғындарына ү.ж. тамыз айында Германияда Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі мен «Ұлттық аударма бюросы» Қоғамдық қоры жобасы аясында жарық көрген ақынның неміс тіліндегі «Абай» атты шығармаларының жаңа жинағы таныстырылды.
Іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен әлеуметтік қашықтық нормаларын сақтай отырып өткізілді.
11 қазан 2020 ж. 381 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 066 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам