Сотты болғандардан көпбалалы отбасыға көмек

«Мен көпбалалы жалғызбасты анамын. Пәтер жалдап тұрамыз. Балаларым мектеп жасында. Пробация қызметінің ұйымдастыруымен бірінші кезекте қажетті азық-түлік беріп жатыр. Осындай қайырымдылық шарасын ұйымдастырған қалалық пробация қызметінің басшылығына, жомарт жандарға алғысым шексіз »,- деді есептегі азаматша.
«Қазақстан Респубикасы Үкіметінің 23.10.2014 жылғы №1131 қаулысы негізінде, есептегі сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетіледі.
Жыл басынан есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік – құқықтық көмек түрлерін көрсету барысында жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзге де ұйымдармен бірлесіп, жұмыстар атқардық. 2020 жылдың 9 айында қалалық пробация қызметінен 1105 сотталған есептен өткен. Қазіргі таңда 598 сотталған есепте тұр. Бұл азаматтардың барлығына да психологиялық, медициналық, әлеуметтік- құқықтық көмектер көрсетілді. Бүгінгі шарада есептегі азаматтардың көмегімен 4 көпбалалы отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді. Алдағы уақытта да қайырымдылық шаралары жалғасын табатын болады» деді қалалық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Бақыт Абибуллаұлы.
Қызылорда қалалық пробация қызметі