Газ тұтынушыларының назарына!
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Қызылорда өндірістік филиалы инвестициялық бағдарлама аясында салынған газ құбырын қосуға, сондай-ақ газбен жабдықтау жүйесін жақсарту мақсатында 2020 жылдың 21 қазан күні, сағат 8:00-ден 22:00-ге дейін Қызылорда қаласының КБИ, Коммунизм және Қызылжарма шағын ауданындағы тұрғын үйлер мен коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындардың тұтынушыларына табиғи газ беру тоқтатылатынын хабарлайды. (ажырату схемасы kaztransgas_kyzylorda Instagramm парақшасында көрсетілген)
Газды өшіру кезеңінде газ аспаптары алдындағы крандарды жабуды сұраймыз және филиал қызметкерлерінің газды қайта іске қосуды жүргізу мақсатында 2020 жылы 21 қазан күні, сағат 15.30-дан бастап қол жеткізуін қамтамассыз етуді сұраймыз.
Осы инвестициялық жобаны жүзеге асыру газ тарату жүйесінің сенімділік деңгейін арттыруға, газ құбырларындағы газ қысымын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Қызылорда қаласындағы Коммунизм және Саяхат ш.а-да , барлық тұтынушыларды газбен сапалы әрі тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ газ тарату желілеріндегі авариялық жағдайлардың салдарын барынша азайту.
Газдың иісі шығуы анықталған жағдайда 104 телефонына қоңырау шалыңыз!