Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 26 қазаннан бастап қай елдерге әуе рейстері қысқарады?

26 қазаннан бастап қай елдерге әуе рейстері қысқарады?

26 қазаннан бастап қай елдерге әуе рейстері қысқарады? Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
«Сондай-ақ әлемдегі эпидемиялық ахуалдың нашарлауына байланысты ведомствоаралық комиссия шекарадағы бақылауды қосымша күшейту туралы ұсынысты мақұлдады. 26 қазаннан бастап мына елдерге әуе рейстерінің саны қысқартылады: Украина, БАӘ, Германия, Беларусь, Түркия. Қазақстан Республикасына келетін азаматтардың міндетті түрде тапсырылғанына 72 сағаттан аспаған ПТР-тест анықтамасы болуы қажет. Егер анықтамасы болмаса, қазақстандықтар екі тәулікке карантиндік стационарға жатқызылады. Шетелдік азаматтар еліне қайтадан департацияланады», деді Ажар Ғиният.
Вице-министрдің мәліметінше, өңірлердегі эпидемиялық жағдайды ескере отырып, 12 өңірдің – Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының , СҚО, БҚО, Ақмола, Маңғыстау, Алматы, Павлодар, Қостанай, ШҚО, Қарағанды, Жамбыл облыстарының әкімдіктері карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады.
«ПТР-тест тапсырғандар қатарының көбеюіне байланысты COVID-19-ға шалдыққандар саны артуда. Қазіргі уақытта зертханалар тәулігіне 55 мыңға жуық тест жасай алады. Елімізде 13 355 инфекциялық төсек-орын бар. Оның 16 пайызында бүгінде науқастар жатыр – 2 мыңнан астам. Сондай-ақ 6 841 карантиндік төсек-орын дайындап қойдық. Оның 8 пайызында ғана пациенттер бар, 600-ге жуық адам. Қосымша 3 335 керует жаңа инфекциялық ауруханаларда іске қосылады», дейді Ажар Ғиният.
21 қазан 2020 ж. 224 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам