Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сырдағы соны серпін

Сырдағы соны серпін

Биыл әлемнің қай еліне болса да оңай болмай тұр. Әлемді әбігерге салған коронавирусты індет елімізді де айналып өтпеді. Осындай алмағайып шақта аймақ тізгінін ұстаған Гүлшара Әбдіқалықова әлеуметтің әлеуетін арттыру мақсатында еңбектеніп келеді. Облыс басшысы осы кезге дейін атқарылған жұмыстың бір парасын «Qazaqstan» ұлттық арнасының «Apta.kz» бағдарламасының жүргізушісі Жайна Сламбекке берген сұхбатында айтқан болатын. Сараптамалық бағдарламада Сыр өңірінің бүгінгі келбеті мен даму бағыты жайлы әңгіме қозғалды.
Бір жағынан қарағанда, экономикаға коронавирустың әсері болса, екінші жағынан, мұнай, жер асты қазба байлықтарының бағасы да төмендеп кетті. Ал Сырда мұнай мен уран – басты қазбалардың, өндірістің бірі. Соңғы жылдары осы өндірістің төмендеуі байқалады. 2011 жылы Қызылорда облысында 11 млн тонна мұнай өндірілсе, былтыр 5,6 млн тонна ғана өндіріліпті. Бұл жайында облыс әкімі: «Биыл 230 млрд инвестиция тартамыз¬ деп отырмыз, бірақ ол өткен жылғыдан төмен. Бұл жерде де обьективті факторлар бар. Былтыр ауқымды республикалық жобалар болды. Мысалы, «Сарыарқа» газ құбыры, екі газ станциясы, сонымен бірге, күн жылу электр станциясы салынды. Енді біз осы жыл мен келесі жыл үшін қатар жұмыс істеудеміз. Пандемия кезінде, қарым-қатынас азайып, тіпті бір облыстан екінші облысқа қатынау қиын болған кезде көптеген мәселелерді өз өңірімізде, облыста шешу керек екенін түсіндік. Ауқымды талдау жасадық, экономиканың 24 бағыттағы саласы бойынша зерттелді, әлеуметтік жағдай сарапталды. Зерттеулер бойынша, ең қажет деген азық-түліктің 70-і, азық-түлік емес тауарлардың 35-і сырттан әкелінеді екен. Осы себепті, ойлана келе өзіміздің экономикалық картамызды жасадық. Бұған «Атамекен» палатасы да қатысты. Осы жергілікті жердегі республикалық палатамен бірге пилоттық ретінде қарадық. Сонымен қазіргі кезде 265 жобаны дайындап қойдық. Бұл жобалар 271 млрд теңге инвестиция алып келеді деп отырмыз», – деген ойын білдірген.
Сонымен қатар облыс басшысы Сыр өңірінде ет, сүт өнімдерін өзімізде өндіруге болатынын айтып, дариядағы су мәселесі бойынша туындаған қиындықты әңгімеге арқау етті.
– Қырғызстандағы «Тоқтағұл» су қоймасында былтыр 18 млрд текше метр су болса, биыл 12 млрд текше метр су болған. Сол сияқты, Өзбекстан арқылы келетін Шардарада су былтырғыдан 1,1 млрд-қа аз болған. Сондықтан жазғы уақыт кезінде егіс егіліп болғаннан кейін, қиындықтар туындады. Қол режимінде басқаруға тура келді. Экология, табиғатты қорғау министрлігіне зор алғысымызды айтамыз. Солармен бірге күнде таңертең жұмысты бастап, суды реттеп отырдық. Оның ішінде біздің кәсіпкерлерге, егіншілерге ерекше рахметімді айтқым келеді. Өйткені түсіністікпен қарады, суды кезек-кезек беріп отырдық. Мысалы, ең кемінде күніге 550 текше метр секундына су келу керек. Ал кейбір уақытта ол 400-ге дейін түсіп кеткен кездер болды. Дегенмен биыл егіс жақсы шықты. Гектарына 61,8 центнерден болып тұр. Былтыр 60,3 болған еді. Жалпы 551 мың тонна күріш жиналды. Бұл былтырғымен салыстырғанда 15 мың тоннаға көбірек, – деген аймақ басшысы егісті әртараптандыру мәселесі бар екенін жеткізді.
Өңірдегі өзекті мәселенің бірі – Шыны зауыты.¬ Облыс басшысының айтуынша, бұл зауыттың құрылысы 70 пайызға аяқталған. Екі ғана мәселе қалып тұр. Ол – балқыту ваннасы мен күйдіру пеші. Қазір мамандармен келіссөздер жүргізілуде.
– Біздің тарапымыздан айналасындағы инфраструктурасы жасақталып беріледі. Вагондар келетін жол бар, соның барлығын жөндеп бітіруге дайынбыз. Қалған 30 пайыз¬ жұмысы мамандар келсе, ол да біртіндеп аяқталады деп отырмыз. Қараңыз, мынадай статистика бар екен. Біздің елімізге жылына бағасы бір миллион доллар тұратын шыны сырттан келеді екен. Егер де өз зауытымызды өндіріске енгізетін болсақ, сол бір миллион доллар өзімізде қалады, одан басқа, егер сыртқа сатсақ, тағы да кіріс кіргелі тұр. Сондықтан қазір осы мәселені көтеріп отырмыз. Сондай-ақ шыны зауытының айналасында 8 зауыт, ілеспе зауыт саламыз деп жоспарладық. 3 зауыттың жобасы, бизнес жоспарлары нақтыланды. Кәсіпкерлер қызығушылық білдіріп, қазір құжаттары әзірленіп болып қалды. Мысалы, шыныдан жасалатын ыдыстар. Екінші зауыт – айна жасау зауыты. Үшінші зауыт – шыны талшығы. Бұл құрылыста өте көп пайдаланылады. Бұл үш зауыттың өзі мысалы, 15-16 млрд инвестиция тартады екен. Содан кейін Шалқия кен байыту жері бар. Ол жерде де қорғасын, мырыш өңдейтін өндіріс салынады. Бұл мәселеге қатысты қазір «Самұрық-Қазынамен» бірге жұмыс істеп жатырмыз. 8 млрд-қа жуық инвестиция тартылып, жұмыс басталмақ. Одан басқа, Арал өңірінде кальцийлендірілген сода зауытының барлық құжаттары дайындалды. Экология министрлігінің сауалы бойынша қалдықты сақтайтын қойма мәселесін, оның жобасын толығымен шештік. Қазіргі таңда кәсіпкерлер оны да бастауға әзір, – деді облыс басшысы.
«Ақмешіт-ақпарат»

27 қазан 2020 ж. 335 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам