«Шымкент-Самара» тас жолында қалып қойған қала тұрғыны патрульді полицкия ротасының инспекторларына алғысын айтты
Қызылорда қаласының тұрғыны әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде патрульдік полиция ротасының қызметкерлеріне жолда көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.
2020 жылдың 18 қазанында Қызылорда облысы ПД патрульдік полиция ротасының инспекторлары полиция аға лейтенанты Ербол Сатанов пен полиция аға лейтенанты Жаппарбек Нұрқожа жол жиегінде жүргізушімен бірге «Лада Гранта» маркалы автокөлігінің бұзылып тұрғанын байқап, тоқтаған. Полиция жүргізушіге көлікті жөндеуге көмектесті.
Ауа-райының тұрақсыздығына байланысты Қызылорда облысының Полиция департаменті жүргізушілерге өте мұқият болуды ескертеді.
Патрульдік полиция қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет атқарып, қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге әрдайым қажетті көмек көрсетуге дайын.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі