Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Індетпен күресуге қаржы қаралды

Індетпен күресуге қаржы қаралды

Қызылорда облыстық мәслихатының ХХХІХ сессиясы өткізілді. Сессияның күн тәртібінде 4 мәселе қаралып, депутаттардың назарына ұсынылды.
Сессияға қатысқан аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова 2020 жылғы облыстық бюджеттің нақтылануын қажет ететін бірқатар мәселелерге тоқталып, ұсынылған қаржыларды әлеуметтік маңызы бар және кезек күттірмейтін басым бағыттағы әлеуметтік салаға яғни денсаулық сақтау, білім, спорт, мәдениет салаларына бағытталатынын атап өтті.
– Облыс бюджеті өзінің әлеуметтік бағыт-бағдарын сақтап келеді. Білім беру саласында 2020-2021 жылдарға арналған оқу жылында сынып кешенін ұлғайтуға, техникалық және кәсіптік колледждер мұғалімдерінің еңбекақысын ұлғайтуға және коммуналдық шығындарын өтеуге 134,2 млн теңге қаралуда. Ал, денсаулық сақтау саласына 166,1 млн теңге көлемінде қаржы ұсынылды. Бұл қаржыға денсаулық сақтау мекемелерін ағымдағы жөндеу, ауылдық жерлерде жұмыс жасайтын дәрігерлер санын көбейту, маусымдық жылу науқанына дайындық жұмыстары жүргізіліп, медициналық жабдықтар сатып алынатын болады,-деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Сонымен бірге өңірде короновирус инфекциясымен күресу үшін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қорын қалыптастыруға, Қызылорда қаласында 200 төсектік орынға арналған тез салынатын модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысына қажетті қаржы қаралып отыр.
Сессияда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, «2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселені баяндап, бюджеттің үнемделген, қысқартылуы және толықтырылуы тиіс қаржылар туралы тоқталды.
Сессияда күн тәртібіндегі өзге де мәселелер қаралды.
«Ақмешіт-ақпарат»
30 қазан 2020 ж. 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам