Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Құқықтық тәрбие - әскери тәртіптің негізі

Құқықтық тәрбие - әскери тәртіптің негізі

Заңдылықтарды қамтамасыз етуде әскери прокуратура қызметкерлері әскери бөлімдердегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтап қана қоймай, жеке құраммен тұрақты түрде жоспарлы жұмыстар жүргізуде.  
Құқықтық тәрбие - әскери қызметке саналы көзқарасты қалыптастырудың маңызды құралы. Әскерлерде құқық бұзушылықтардың алдын алу, әсіресе әскери қызметшілердің өз борыштарын ең жақсы орындауы кезінде бөлімнің, бөлімшенің жауынгерлік әзірлігі үшін жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу, әскери жарғылармен және антпен қамтылатын жеке қасиеттерді бойға сіңіру ерекше мәнге ие.
 Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына жолдауында мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем жол бермеу қағидатын ұстануы тиіс екендігін, алдын- алу шараларының негізінде заңдарды түсіндіру жұмыстары ұтымды болып табылатынын көрсетті. Жауынгерлердің заңдарды, жарғыларды қалай құрметтейтіні, оларды қаншалықты дәл орындайтындығы, әскерде әскери тәртіпті нығайту қажеттілігін терең түсінуі, ең алдымен, Қарулы Күштердің алдына қойылған маңызды міндеттің орындалуына байланысты.
Құқықтық насихаттың сапасын арттыру көптеген факторларға байланысты. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің алдында тұрған міндеттер әскери қызметшілермен тәрбие және құқықтық жұмысқа ерекше көзқарасты талап етеді. Ағымдағы жылдың ақпан айында Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасының басшылығымен әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының ведомствоаралық кеңесі өтті. Онда әскерлердегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері талқыланды. Әскери тәртіпті қатаң сақтауға, әскердегі қылмысты жоюға нақты алғышарттар жасау, осы жұмыстардың маңыздылығын дұрыс түсінуге, оны одан әрі жетілдіруге байланысты.
Осы талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштерде, барлық әскерлер мен әскери құралымдарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және әскери тәртіпті нығайту бойынша айтарлықтай бірлескен жұмыс жүргізілуде.
Құқықтық тәрбиенің түпкі міндеті - заң талаптарын терең меңгеруді қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге әскери қызметшілердің санасына құқықтық нормаларды қатаң және мүлтіксіз жеткізу, заңдылық пен құқық тәртібі үшін белсенді күрес қажеттілігі туралы түсінік беру, құқық нормаларын сақтауды әр адамның үйреншікті ісіне айналдыру.

Қызылорда гарнизонының әскери
прокуроры әділет полковнигі Ғалымжан Маханбетов
06 қараша 2020 ж. 537 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам