Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АУДАНДА ҮЙ КЕЗЕГІНДЕ ТҰРҒАН ТҰРҒЫНДАР ҮШІН БАСПАНА САЛЫНУДА

АУДАНДА ҮЙ КЕЗЕГІНДЕ ТҰРҒАН ТҰРҒЫНДАР ҮШІН БАСПАНА САЛЫНУДА

   Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қармақшы және Қазалы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің басшылары тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға үй беру, есепке қою бағытында атқарылған жұмыстарға есеп берді. 
Биыл Қармақшы ауданында 6 тұрғын үй салынды. Олар кезекте тұрған мұқтаж жандарға пайдалануға берілді. Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Талғат Қатарбаевтың айтуынша, биыл Байқоңырда 50 пәтерлі 5 үйдің іргетасы қаланып, құрылысы келер жылы жалғасады. Нәтижесінде Төретам және Ақай ауылдарының үй кезегінде тұрған азаматтары баспанамен қамтылады. 
Ал, Қазалы ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марат Ситекен келер жылы ауданда 18 пәтерлі 6 тұрғын үй салынатынын мәлімдеді.
21 желтоқсан 2017 ж. 1 845 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 504 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам