Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Әлемдегі ең жас программист 

Әлемдегі ең жас программист 

Үндістанда тұратын 6 жасар бала әлемдегі ең жас программист атанып, Гиннестің рекордтар кітабына енді деп жазады aninews.in.
Үндістанның Ахмадабад қаласында тұратын екінші сынып оқушысы Архам Ом Талсания (Arham Om Talsania) Python әмбебап бағдарламалау тілін білу сынағын сәтті тапсыра алған. Бұл сынақты сәтті тапсыру үшін әдетте бірнеше жылдар бойы бағдарламалау саласында білімді шыңдау керек. "Әкем маған код жазуды үйретті. Мен планшетті 2 жасымда қолдана бастадым, ал 3 жасымда iOS және Windows операциялық жүйелеріндегі алғашқы гаджеттерге ие болдым. Кейін әкем Python-мен жұмыс істейтінін білдім. Компаниядан сертификатымды алған кезде шағын ойындар жасай бастадым. Microsoft дәлелдеу үшін менің жұмысымды жіберуді өтінді. Бірнеше айдан кейін олар менің біліктілігімді ресми түрде растады және Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері маған хабарласты", - дейді Архам. Оқушы болашақта IT-кәсіпкер атанғысы келетінін айтады.
Айта кетейк, Архамға дейін 7 жасар Лондон тұрғыны Мұхаммад Хамза Шахзад (Muhammad Hamza Shahzad) әлемдегі ең жас программист атанған еді. Оны да әкесі оқытқан.
16 қараша 2020 ж. 647 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 525 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам