Тағы бір қала карантинге жабылды
Шығыс Қазақстан облысында коронавирусқа шалдыққандар күрт көбейгендіктен, аудан орталығы – Алтай қаласы карантинге жабылды, – деп жазады YK-news.kz.
Аймақтың бас санитар дәрігері орынбасары міндетін атқарушының қаулысына сәйкес, 15 қараша сағат 00.00-ден бастап қаланың сыртқы шекарасында кіріп-шыққандарды бақылау үшін блокбекет қойылды.
Алтайда бір тәулікте 30 адамнан коронавирус анықталды. Жалпы, ауданда вирус жұқтырғандар саны 825-ке жетті.
Карантинге байланысты ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді.