COVID-19: СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ 5 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ
Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастар саны- 3274. Соңғы тәулікте 5 жағдай анықталды. Ал індеттен айыққандар саны 3233-ке жетті.
Бүгінде инфекциялық стационарда – 12 науқас, инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде 3 науқас ем қабылдауда.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болғаны – 14 404, тікелей қарым-қатынас – 11 655, ықтимал қарым-қатынас –2 739.
Өткен тәулікте зертханаларға тапсырылған сынамалар саны – 916 сынама, тексерілгені – 732 сынама, жұмыс жасалуда – 184 сынама. Қалдық тест саны – 16 651 . Эпидмаусым басталғалы бері 129 531 сынама алынды.