Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Айналымға жаңа 100 теңге 

Айналымға жаңа 100 теңге 

Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратовтың «Дала қазынасы» монеталар сериясынан JETI QAZYNA биколорлы айналыстағы монеталарының қолма-қол ақша айналымына енгені туралы түсіндірмесі жарияланды.
«Дала қазынасы» монеталар сериясынан JETI QAZYNA биколорлы айналыстағы монеталары бірқатар өңірде айналымға енді. Олар кәдімгі айналыстағы монеталармен қатар пайдаланылады. Яғни, номиналы 100 теңгелік JETI QAZYNA: ER JIGIT, SULÝ ÁIEL, QUMAI TAZY, AQYL BILIM, BEREN MYLTYQ, JÚIRIK AT, QYRAN BÚRKIT 7 монетасы заңды төлем құралы болып саналады және төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті – оларды тауар сатып алуға немесе көрсетілген қызметтерге төлеуге болады, - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, монеталардың өлшемі өзгеріссіз сақталғанын, сондықтан төлем терминалдары мен басқа да кассалық техниканы қосымша қайта теңшеуді қажет етпейді.

Егер кәсіпкерлер монеталарды қабылдаудан бас тартатын болса, онда ҚР ӘҚБК 206-бабына сәйкес оларға ескерту жасалады. Бір жыл ішінде жағдай қайталанса, 5 – 25 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген. Осыған ұқсас жағдайға кезіксеңіз, Ұлттық Банктің кез келген филиалына шағымдана аласыз. Өз тарапымыздан бейнежазба жасауды немесе монетаны қабылдаудан бас тартқан жағдайда жазбаша негіздемесін талап етуді ұсынамыз, - деп қосты ол.
19 қараша 2020 ж. 557 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам