Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 8 сегіз адам қайтыс болды
Өткен тәулікте коронавирус пен ковидтік пневмониядан сегіз адам көз жұмды, деп хабарлайды Спутник Жаңалықтары.
Бір тәулікте коронавирустан алты, ал пневмониядан екі адам қайтыс болды.
Сондай-ақ, өткен тәулікте 157 қазақстандық пневмонияға шалдықты. Бірінші тамыздан бері 41 159 адам пневмониямен ауырды, 427 науқас көз жұмды.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, қазір коронавирустан 11 191 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 614 бала бар. Стационарларда 3 165 науқас жатыр. 8 026 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
214 науқастың жағдайы ауыр деп бағалануда, соның ішінде 29 адам хәл үстінде жатыр. 23 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.