Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда облысында жыл басынан бері 2 мыңға жуық мәдени іс-шаралар ұйымдастырылған

Қызылорда облысында жыл басынан бері 2 мыңға жуық мәдени іс-шаралар ұйымдастырылған


Биыл Қызылорда облысы республика бойынша осы жылдың басында алғашқылардың бірі болып 700-ге жуық еріктіні біріктіретін «Сыр еріктілері штабын» құрды. Өңірде Мемлекет басшысының қолдауымен мыңнан астам қайырымдылық шарасы ұйымдастырылған.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді.
Оның айтуынша, еріктілер мен кәсіпкерлер тарапынан аз қамтылған, көмекке мұқтаж жандарға 11 баспана салынған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 42,5 мың теңге мөлшерінде 536 мыңнан астам әлеуметтік төлем жүргізілген.
Сондай-ақ, «Birgemiz Qyzylorda» қоры арқылы 24 мыңнан астам отбасына 50 мың теңге (1,2 млрд. теңге) көлемінде көмек көрсетілген.
«Бұдан бөлек, өңірімізде Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150, «Ұлық ұлыс – Алтын орданың» 750, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175, Ұлы Отан соғысының 75 жылдық мерейтойлары жоғары деңгейде аталып өтілуде», – деді облыс әкімі.
Жалпы, Қызылорда облысында жыл басынан бері мерейтойлар аясында 2 мыңға жуық мәдени іс-шаралар ұйымдастырылған. Сондай-ақ, Сыр елінде тұңғыш рет «Абай» операсы сахналанып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ежелгі Бәбіш-Мола, Жанкент, Сығанаққала-шықтарында тарихи-археологиялық зерттеулер жүргізілген.
Kyzylorda-news.kz

23 қараша 2020 ж. 565 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам