Қазақстанда доллар арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша теңге 1 долларға арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz
Таңғы сауда-саттық бойынша доллар бағамы 20 қараша кешімен салыстырғанда 1,35 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 426,62 теңгені құраған.
Ұлттық банктің 23 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 428,07 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 427,83 теңгеден сатылса, Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар 427,81 теңгеден сатылып жатыр.