Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Кофені қай уақытта ішуге болмайды – дәрігер кеңесі

Кофені қай уақытта ішуге болмайды – дәрігер кеңесі


Ресейлік эндокринолог, нутрициолог, диетолог Алексей Калинчев таңертең аш қарынға кофе ішуге болмайтынын айтты.
Мұндай кезде асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары, мысалы, гастрит, ұйқы безі қабынып (панкреатит), асқазан жарасы асқынуы мүмкін.
«Іс жүзінде бізде бұл аурулар бар, олар белгілі бір кезеңде тұр. Олар мектеп, студенттік жылдардан бастап ауру бетінің қайтуы (ремиссия) жағдайында болуы мүмкін», – деді Алексей Калинчев Sputnik радиосына берген сұхбатында.
Маман аш қарынға кофе ішуді дұрыс тамақтанбаумен байланыстырады. Таңертең адам өзінің аш екенін сезінбейді және тамақтанғысы келмейді. Сергіп алу үшін кофе ішеді.
Диетологтың айтуынша, тамақтанғаннан кейін кофені кез келген нәрсемен ішуге болады. Мұндай жағдайда кофеге сүт қосылып-қосылмағаны маңызды емес.
Сондай-ақ, маман кофені десертпен бірге ішуге болатынын айтты, алайда тәттіні де көп жеудің қажеті жоқ.
«Кофені тәттімен бірге ішуден семіздік пайда болмайды. Кофесүйер қауым әдетте күніне бірнеше кесе кофе ішеді. Десертті барлығы қатар жей бермейді. Мұны ұнататындар саны көп емес. Тойып тамақтанғаннан кейін тәттіні кей адамдар ғана жейді, ересектер бұлай істемейді», – деді Калинчев.
Дәрігер кофенің үнемі сергіте бермейтінін, кейде кері әсер ететінін де атап өтті.
21 қараша 2020 ж. 274 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 525 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам