Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жұлдыз жорамал 24 қараша

Жұлдыз жорамал 24 қараша

♈ Тоқты
Ертең тоқтыларға кешке жалғыз қалуға тыйым салынады, одан да көңіл көтеріп, демалған жөн. Өзіне назар аудартса ғана тоқтылар өзін керемет сезінеді. Сіздің бойыңыздан ертең жан жақтылық, сүйкімділік пен жарқын эмоцияға бөлене алу қабілеті табылады. Сол себепті де кез келген жиынның гүлі бола аласыз. Қызықты таныстықтар орнатып, есте қалатын кеш өткізіңіз.

♉ Торпақ
Торпақтар ертең серіктестік пен достықтың жай сөз емес, шын мәнінде адамға берілген сый деп түсінеді. Ертеңгі күн бір біріңізге қолқабыс болатын күн. Соның негізінде қасыңызда кім жүргенін білесіз. Кімге сенім артып, кімнен аулақ жүру керектігін бірден түсінесіз.

♊ Егіздер
Егіздердің ертең ұмытшақтық кесірінен ұйымдастыру қабілеті төмен болады. Абайсызда біреудің шыдамдылығы мен тәрбие шекарасын кесіп өтеді. Ұсақ түйекке үңілуді қажет ететін істерде жолыңыз болмайды. Сондықтан ертең бәріне кінәлі болмас үшін, жұлдыздар сізге кикілжің орын алған жерлерден аулақ жүруге кеңес береді.

♋ Шаян
Шаяндарға ертең қаржылық жағдайына қатты көңіл бөлу қажеттілігі туындайды. Себебі, не қаражатыңыз ойда жоқта арта түседі, мысалы жаңа табыс көзі табылып, не болмаса керісінше шығынға батуыңыз әбден мүмкін. Сол себепті күмән тудыратын істерге мүлдем жақындамаған жөн.

♌ Арыстан
Арыстандар ертең өз қызығушылықтарын қорғаумен болмақ. Өзіңіздің сөзіңіз бен ісіңіздің дұрыстығын дәлелдеу қасиеттіңіз арта түседі. Жұлдыздар бұл жайтты пайдаланып, шешімін таба алмай жүрген мәселелерді шешіп, жобаларыңызды алға жылжытып алуға кеңес береді

♍ Бикеш
Бикештерге ертең көрген түстеріне қатты көңіл бөлу қажет болады. Эмоцияңыз бен арман қиялдарыңызды зерделеген жөн. Ертең ішкі түйсігіңізге сенім артқан дұрыс. Ол сізге әрі қарай қандай әрекет жасау керектігін көрсетпек. Мұқият болыңыз!

♎ Таразы
Таразылар ертең көп зерттелмеген дежавю ұғымымен таныспақ. Кейбір жағдайларды бұрын соңды басынан өткізгендей, таныс емес адамды бір жерден көріп, тілдескендей болады. Оған себеп сіздің ішкі түйсігіңіздің мықты дамуы. Осы қасиеттің арқасында кейбір шаруаларды реттеп, адамдармен тілдесу психологиясын меңгеріп аласыз.

♏ Сарышаян
Сарышаяндар ертең өз орнында нық тұрып не болмаса алға қарай ілгері жылжу мүмкіндігіне ие болады. Кез келген істе ісіңіз оң басып, ойластырған мақсаттарыңызға жете білесіз. Мақсатты адамдар дегеніне жетеді деген ұранды ұстанып жүресіз күні бойы. Бірақ бір жайтты ескерген жөн, еріншектік жақсылыққа апармайды. Соны жадыңыздан шығарып алмаңыз.

♐ Мерген
Мергендерге ертеңгі күнін адамдармен тілдесіп өткізуге кеңес береміз. Сіздің жан жақтылығыңыздың арқасында жаңа таныстықтар орнатып, қиын мәселелердің шешімін табасыз. Романтикалық қатынасыңызға қатты көңіл бөлген жөн. Жүрегіңізді жаулайтын адамды кезіктіру мүмкіндігі жоғары. Мүмкін ол сіздің қасыңызда жүрген болар?!

♑ Тауешкі
Ертең тауешкілердің күш қуаты тасып тұрса да, кез келген шаруа оңайлықпен берілмейді. Бірақ сіз өзіңізді жақсы жағынан көрсете аласыз. Сондықтан алдыңызда қанша тосқауыл тұрса да, еш мұңаймай, жетістікке жету жолында бар мүмкіндіктеріңізді пайдаланған жөн.

♒ Суқұйғыш
Ертең тағдырдың берген мүмкіндіктерін жіберіп алмауға тырысыңыз. Қандай жағдай болмасын, лезде шешім қабылдауға тырысыңыз. Сондықтан ертең уақытыңызды босқа өткізбей, өз белсенділігіңізді арттырыңыз. Сонда ғана ойлаған армандарыңызда көп ұзамай жетесіз!

♓ Балықтар
Жұлдыздар ертең балықтарға қалыпты күйден шығып, жан жақтылығын танытуға кеңес береді. Күніңізді әбден жоспарлап алған жөн. Асханада тәжірибелер жүргізіп, гардеробыңызды жинастырып не жазғы демалысыңызды жоспарлап қойыңыз. Бастысы өзгерістер енгізіп, алғашқы қадам жасауға қорықпаңыз. Сәттілік жолдас болсын!

24 қараша 2020 ж. 1 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам