Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тейтельбаумдар тойы

Тейтельбаумдар тойы

Індет асқынғанда діни жоралғы, салт-дәстүр талап ететін жиынды кейінге қалдыру өркениетті елге қиынға соқпайтындай көрінетін. Алайда «The New York Times» газетіндегі рұқсатсыз өткізілген той туралы ақпарат ерекше назар аудартты. Басылымның бейсенбілік санында жарияланған Лиам Стектің «Той өткізгендер айыппұл арқалады» атты мақаласында нью-йорктік ультраортодоксальді еврейлердің (хасид қауымы) рұқсатсыз үйлену тойын жасағаны айтылған.
«Ай басында еврейлер ауқымды залда үйлену тойын ұйымдастырған. Бруклин бөлігінің Уильямсбург ауданында өткізілген тойда сақтық шарасы назарға алынбағаны байқалады. Шараны өткізуге дайындық күшейтілгені сонша, жасыру әрекеті жүрді. Себебі бұған дейін жарияланғандай, қоғам өміріне нұқсан келтіретін шара ұйымдастырушыларға 15 мың доллар айыппұл салынатыны хабарланған. Бұған дейін шаһар билігі хасидтік иудейлер арасындағы Сатмара сектасының сегіз серкесіне әлеуметтік ара қашықтық, бетперде тағу талабын ескерткен еді. Оның себебі еврейлер қоныстанған аумақта коронавирус көрсеткіші 4 проценттен жоғарылап, бірқатар шектеу енгізілген. Алайда еврейлер құлшылық орындарында адам санын шектеу, сауда нысандарын уақытша тоқтату талаптарына қарсылық білдіріп келді».
Мақала авторының сөзінше, құпия өткен үйлену тойының бейнежазбасы әлеуметтік желіге тарап, қала мэрі Билл де Блазио дүйсенбіде айыппұл салуға шешім шығарған. Тіпті қала басшысы NY1 ақпараттық торабы арқылы оқиғаға қатысты мәлімдеме де жасап үлгерген.
«Бұлтарудың қажеті жоқ. Той өткенін білеміз және қатысқан адам саны да көп екенін аңғардық. Қанша жасыруға тырысқанымен, барлығын бақылауда ұстаймыз. Шындығында, Уильямсбургтегі діни топтар соңғы аптадағы коронавирус нәтижесіне тікелей кінәлі. Сондықтан кезекті оқиғаға жауапты адамдар жазасыз қалмайды», –деді қала мэрі.
Лиам Стек те төрт сағатқа созылған үйлену тойының иесі туралы ақпар жинауға тырысқан екен. Журналист нақты дереккөзді мысал етіп, оқиғаның мән-маңызын аша түйіндейді.
«Жиын Етев Лев Д'Сатмар конгрегациясында (синагога – ауд.) өткені анықталған. Той иесі де тегін адам болмай шықты. Сатмар сектасының атақты раввині Аарон Тейтельбаумның немересі – раввин Джоэл Тейтельбаум. Бұл тейтельбаумдықтарың індет асқынған шақтағы алғашқы жиыны емес. Қазан айында ықпалды әулет тағы бір той өткізген. Онда той иелері мыңнан астам қонақ келеді деп күткен. Нақты қанша адам қатысқаны әзірге белгісіз. Аталған оқиға қала тұрғындары арасында толқын тудырып, наразы халық еврейлердің сақтық шарасын ортақ ұстануын талап етуде», – деп ойын түйіндеген.

Ерсін ШАМШАДИН

28 қараша 2020 ж. 370 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам