ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІНЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
«Қазгидромет» РМК демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Демалыс күндері Қазақстанның көптеген аудандарында Сібір антициклонына байланысты суық әрі жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ауа температурасы климаттық қалыптан 3...5 градусқа дейін төмендейді, ал республиканың шығысында әдеттегіден 7...13 градус төмен болады.
Дегенмен, жылы және дымқыл атлантикалық ауа күші біртіндеп батысқа, дүйсенбіге қарай, Қазақстанның солтүстік, орталық және оңтүстік өңірлеріне бірте-бірте келіп, температураның жоғарылауымен қатар жауын-шашын алып келеді.