БАЛАБАҚШАҒА БАРМАҒАН БАЛАЛАР МЕКТЕПКЕ ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ

Осы күнге дейін баланы мектепке қабылдау үшін жергілікті мекен-жайы туралы анықтама, туу туралы куәлігінің көшірмесі, медициналық анықтама, сурет, ата-аналарының жұмыс орнынан анықтама және «уч-арка маглумат» атты құжатты талап ететін.
Облыстардың біріндегі білім басқармасының өкілі «Хроники Туркменстана» басылымына берген сұхбатында мұны балабақшаға баратын балалардың саны азайған соң жасап отырғандарын айтқан. Соңғы уақытта мектепке дейінгі мекемелердің қызмет көрсету бағасы он есе өсіп кеткендіктен, ондағы балалар саны күрт азайған болатын.
Ал мекемелердің бағасының көтерілуіне қызмет сапасының жақсаруы әсер еткен екен. Алайда бүлдіршіндердің ата-аналары балабақшаға он есе артық ақша төлесе де, олардан әлі күнге дейін ұнтақ, дәретхана қағазы, кеңсе тауары және т.б. материалдарға ақша жинап жатқанын айтады.
Мұнымен қатар, Түріксменстандағы Білім министрлігі мен Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінде балалары балабақшаға бармайтын ата-аналарға жәрдемақы төлемеу мәселесі қарастырылып жатыр. Қазіргі таңда үш жасқа дейінгі балалары бар ата-аналарға мемлекет тарапынан жәрдемақы төленіп отырады.
Естеріңізге сала кетсек, жуырда Түрікменстан билігі қара түсті көліктер мен әйелдердің автомобиль жүргізуіне тыйым салған болатын.