ЕЛІМІЗДІҢ ҮШ ОБЛЫСЫНДА АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ
Қазақстанның үш өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ны хабарлады.
Қаңтардың 15-і күні түнде Маңғыстау облысының аймағында -22°С аяз болады деп күтілуде. С
ондай-ақ 15 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ, боран болады. Шығыстан соққан жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
15-17 қаңтар аралығында Қызылорда облысының бірқатар аймақтарында солтүстік шығыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел соғады.