Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АДАМЗАТ XXI ҒАСЫРДА ЖАППАЙ ҚЫРЫП-ЖОЮ ҚАРУЛАРЫНАН АЗАТ ӘЛЕМ ҚҰРА АЛАДЫ - ЕЛБАСЫ

АДАМЗАТ XXI ҒАСЫРДА ЖАППАЙ ҚЫРЫП-ЖОЮ ҚАРУЛАРЫНАН АЗАТ ӘЛЕМ ҚҰРА АЛАДЫ - ЕЛБАСЫ

  Адамзат XXI ғасырда жаппай қырып-жою қаруларынан азат әлем құру үшін лайықты жолдан өте алады. Бұл туралы бүгін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: шаралар мен сенім» тақырыбындағы отырысында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Әлемдік қоғамдастық ‒ алуан түрлі және көп қырлы сипаты арқылы күшейе түскен біртұтас организм. Ол жер бетіндегі ұлттар мен халықтар арасында теңгерім мен үйлесім болған кезде ғана алға басып, дами алады. Сол себепті, біз құқық үстемдігіне негізделген қауіпсіз әлем мен әділетті әлемдік тәртіпке бірлесе қол жеткізуіміз керек. Бұл істе БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің рөлі зор және оған тарихи миссия жүктелетені де сөзсіз», - деді Елбасы. Қазақстан Президенті адамзат XXI ғасырда жаппай қырып-жою қаруларынан азат әлем құру үшін лайықты жолдан өте алады деп сенетіндігін баса айтты. «Ұжымдық іс-қимылдан қуат алған әлемдік қоғамдастықтың сенімі, ерік-жігері мен ақыл-парасаты платенамыздың жаһандық апатқа ұшырауына жол бермейді деп сенемін. Кеңестің барлық мүше мемлекеттеріне берік ынтымақтастығы үшін ришалығымды білдіремін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
http://www.inform.kz

19 қаңтар 2018 ж. 1 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам