ЕЛДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАУЫН-ШАШЫНСЫЗ КҮН РАЙЫ КҮТІЛЕДІ
19 қаңтар күні антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн райы жауын-шашынсыз болады, жауын елдің батысында ғана күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман сақталады, батыста және оңтүстік шығыста желдің күшеюі ықтимал, батыста сондай-ақ көктайғақ болжанады. Атап айтқанда, Алматы облысының кей жерлерін тұман басады, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 18-23 м/с күше Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.
http://www.inform.kz/kz
http://www.inform.kz/kz